Әділ Нұрғожин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Басқарушы директоры болып тағайындалды

17.09.2018

12345

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма Төрағасының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі бұйрығымен Холдинг директорының Басқарушысы болып Нұрғожин Әділ Ерғалиұлы тағайындалды. Жаңа лауазымында ол ақпараттық технологиялар мен инновацияларды дамыту және енгізу мәселелеріне басшылық ететін болады.

Әділ Нұрғожин корпоративтік басқару, технологиялық даму, инвестициялық және қаржы қызметі саласында он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

2012-2018 жылдары I2BFGlobalхалықаралық венчурлік қорының әріптесі, нанотехнологиялардың Ресей-қазақстандық қорының қазақстандағы кеңсесінің басшысы, инвестициялық директоры, Moomkin кәсіби әлеуметтік жүйесінің, сағат өндіруші Amir WatchesLtd., Central Pharm ChocoFamily, Nommi тәрізді бірқатар стартап-компаниялардың негізін қалаушы және инвесторы болды.

2007 жылдан бастап 2012жылдар аралығында Стратегиялық даму департаментінің директоры, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның Маркетинг және жарнама департаментінің директоры, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Тау-кен, химиялық және фармацевтикалық салалардағы жобалары жөніндегі инвестициялық департаментінің Басқарушы директоры, директоры болып жұмыс істеген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша Монтана Университетін (АҚШ) бітірген.