«Бәйтерек» холдингінің қазақстандық экспортқа қолдау көрсетуі туралы

15.03.2019

1

InformБюро ақпараттық агенттігі «Бәйтерек» холдингі қолданып отырған қазақстандық экспорттаушыларға қолдау танытудың 13 тетіктері туралы жариялады.

Кәсіпкерлер мемлекет қолдауына мұқтаж және олар оны алып отыр. Арнайы бағдарламалар құрылып, жүзеге асырылуда, несиелендіруге, оқытуға қаражат бөлінуде, гранттар берілуде. Негізгі басымдық – отандық тауарларды шетелдерге экспорттауда орта және ірі бизнеске көмек көрсету. Біздің елімізде бұл қызметтің операторы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» болып табылады.

 

Тәуекелді өзімізге аламыз

Мемлекеттің экономикалық қуаты көптеген факторлардан құралады. Өзге елдерге өнім экспорттау – ең маңыздыларының бірі. Бұл ірі қалалар мен аймақтарда жұмыс орындарын ашу ғана емес, заманауи өндірісті дамыту, елге валюта ағынына жол ашу және имидж сұрақтары да қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілетті екенінің дәлелі.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры - басқарма мүшесі Айнұр Қуатова экспорттық әлеуетті қолдау қазақстандық экономиканы тұрақты дамытудағы негізгі міндет болып табылады, дейді. Бұл бағыт мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айқын көрсетілген.

- Біздің еншілес ұйым KazakhExport – экспорттық-несиелік агенттік функциясын жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз даму институты. Президент Жолдауында қайта өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы үш жылда қосымша 500 млрд теңге бөлу міндеттелді. Бұл біздің өндірушілерге қазақстандық тауарларды ішкі, аймақтық және халықаралық нарықта алға жылжытуға үлкен көмек, - деп атап өтті Айнұр Қуатова.

Алайда әлемдік нарықта бәсекелестік күшті және бұл ағынға жалғыз төтеп беру кейде табысты кәсіпорындардың өзіне қиынға соғып жатады. Әсіресе, бизнес пен қаржылық институттардың ара қатынасында көптеген ерекшеліктер бар. Міне, осы жерде мемлекет максималды түрде қолдау көрсетеді.

Әлбетте, әңгіме кәсіпорынды тікелей қаржыландыру туралы емес. Көбіне орта және ірі компанияларға экспорттық келісім бойынша төлемдерді, банктік төлем кепілдерін кейінге шегеру, алдын ала төлемді қайтару бойынша экспорттаушының жауапкершілігі және тағы да басқа жағдайда көмек қажет. Мемлекет мұндай жағдайда тәуекелді өзіне алып, келісімнің гаранты болады.

Қандай қызметтер сұранысқа ие екенін сандар көрсетеді: 2018 жылы экспорттаушыларды сақтандыру қолдауына 90,2 млрд теңге бағытталды, саудалық қаржыландыру 10,26 млрд теңгеге көрсетілді және экспорт алды қаржыландыру 6,91 млрд теңгені құрады. Digital Baiterek порталы арқылы тек өткен жылдың өзінде сақтандыруға 130 өтініш жіберілді.

Жалғасын сілтеме арқылы өтіп, оқыңыз: InformБюро

InformБюро коллажы