«Бәйтерек» холдингі коронавирусқа байланысты арнайы жұмыс режиміне ауысады

16.03.2020

1

"Бәйтерек" ҰБХ " АҚ ҚР Президентінің Қазақстанда төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығына байланысты ерекше жұмыс режиміне көшеді.

 

Атап айтқанда, Холдинг Басқармасы Төрағасының бұйрығы бойынша қызметкерлердің іссапарлары шектеулі, барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды, сондай-ақ электрондық құжат айналымына толық көшу жүзеге асырылды.

 

Бұдан басқа, "Бәйтерек" холдингінің қызметкерлері еңбек процесін жүзеге асырудың қашықтықтан нысанына көшеді.

 

Холдинг ғимаратында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша қатаң санитарлық шаралар қабылданды.

 

Айта кетейік, осындай шаралар "Бәйтерек"холдингінің барлық еншілес ұйымдарында қабылданады.