«Бәйтерек» холдингі 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ іске асырылуын қорытындылады

24.10.2019

1

Ағымдағы жылы Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталуға жақын. Оның мақсаты - өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру арқылы еңбек өнімділігі мен өңделген тауарлардың экспортын арттыру. Бұл бағытта көптеген жұмыстарды «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ атқарды. Оның негізгі нәтижелерімен арнайы дайындалған инфографикадан танысуға болады.

 

Анықтама үшін:

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

2