«Бизнестің жол картасы - 2025» жаңа бағдарламасы несімен тартымды?

29.08.2019

к1

«Бизнестің жол картасы - 2025» жаңа бағдарламасы несімен тартымды?

 

«Бизнестің жол картасы - 2025» жаңа бағдарламасы несімен тартымды?

 

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәресіне таяп келеді. Қандай нәтижеге қол жеткізілді және 2025 жылға дейінгі бағдарлама аясында бизнеске берілер жаңа мүмкіндіктер туралы  «Қазақпарат» тілшісіне берген сұхбаты барысында «Бәйтерек» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин айтып берді.

– Рустам Тимурұлы, БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыруда қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

– Меніңше, бағдарлама өз мүмкіндігін толығымен дәлелдей алды. Мемлекет соңғы уақытта көптеген бағдарламалар ұсынған еді, соның ішінде БЖК-2020 «Бәйтерек» холдингі және оның еншіліс ұйымы «Даму» қоры арқылы бизнеске айтарлықтай қолдау көрсетті.

БЖК-2020 аясында 14,5 мың түрлі жобалар субсидияланды, жалпы есепте 2,5 трлн теңгеге 13,9 мың жоба келісілген. Субсидия арқылы аталған жобаларды жүзеге асыруға біз айтарлықтай қаражат бөлдік. Егер субсидиялау арқылы емес, тікелей инвестиция арқылы қолдау көрсетілгенде аталған 2,5 трлн сома қаражатты бөлуге тура келер еді. Бұдан өзге 216 млрд теңге несиеге байланысты 5,6 мың кепілдеме келісімшарттарға қол жеткізілді, бұлар жалпы көлемі 88 млрд теңгені құраған бағдарлама аясында тартылған кепілдемелер.  

 Бағдарламаның тиімді тұстарын танытатын өзге де сандық есептерді атап өтсем деп едім.

Бағдарламаның кәсіпкер-қатысушылары 2010-2018 жылдары 19 трлн теңгеге өнім өндірді, жалпы есепте 1,2 трлн теңге салық төледі. БЖК-2020 бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің арқасында 95 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Бағдарламаның мультипликтативті тиімділігі туралы айтар болсам, субсидияның 1 теңгесі үшін 10 теңге несие тартылды. Қаржылық институттардың көзқарасы тұрғысынан бірге он – бұл өте жақсы көрсеткіш. Кепілдеменің 1 теңгесіне шамамен 2,5 несиелік қаражат тартылды. Бұдан өзге нәтижелер көрсеткендей, субсидия үшін 1 теңге бюджетке 100 теңге кіріс пен 6 теңге салық түсімдерін әкеледі. Бағдарлама, бірінші кезекте, орта және шағын кәсіпкерліктегі субъектілер санының көбеюіне бағытталған, оның басты тартымдылығы да осы – кәсіпкерлерге дамуға мүмкіндік беру. Біз осы бағытта жұмыс істеп, дамуды жалғастырып жатырмыз.   –

Кәсіпкерлер арасында қолдау құралының қай түрі әлдеқайда кең таралды?

- Бұл - пайыздық мөлшерлеміне субсидиялау. Осы құралдың аясында көптеген жобаларға қолдау көрсетілді. Бұған дейін атап өткенімдей, 2019 жылдың 1 тамызында 13,9 мың субсидия беру туралы келісімге қол жеткізілді, сонда несиеге кепілдеме құралы ретінде 5,6 мың келісімшарт бекітілді.  Несиелер ауқымы әрі жобалар саны бойынша да әлдеқайда танымал салалар - өңдеу өнеркәсібі, транспорт және сақтау.

Субсидияның арқасында кәсіпкерлер төмен мөлшерлемемен несие ала алады. Бүгінде ел нарығында біздің қазақстандық кәсіпкерлер өндіретін сапалы, пайдалы тауарлардың көлемі артып келеді. 

Мысалы, «Даму» қоры қолдау танытып,  «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау және кепілдік беру құралдарын пайдалану арқылы елордада құрылысы жүрген KazTexExpo автоматты өндірістік кешені  – кең ассортиментте 500-ден астам киім шығарады және Қазақстан нарығын тоқыма және трикотаж өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз етуге жеткілікті қуаттылыққа ие. Тігін өнімдерін, кешенді мамандандырылған киім-кешекті, жекелеген қорғаныш заттарын тұтынатындардың негізгі қатарында «Қазақмыс», Қорғаныс министрлігі, ІІМ, «Қазақалтын» ТКК» АҚ, «Қамқор-Менеджмент» ЖШС, «Локомотив» АҚ т.б бар. Бүгінгі күні компанияда 920-ға жуық қызметкер еңбек етуде, фабриканың өндіріс аумағы 10 мың шаршы метрді құрайды, ал қуаттылығы – жылына шамамен 2 млн өнім шығаруға қауқарлы.

Атап өткім келетіні, субсидиялау құралы үшін белгілі бір шек бар яғни - 2,5 млрд теңге. Осылайша, орта және ірі бизнестің шекарасы айқындалады. Өзіңіз түсініп отырғандай, бағдарлама аясындағы біздің аудитория – бұл орта және шағын кәсіпкерлік өкілдері. Бұдан өзге, құралдар арасында кепілдеме өнімі де бар, бұл көбіне енді бастауын алып жатқан бизнестерге байланысты. Егер кәсіпкерлер өз істерін бастағылары келсе, 20 млн теңге қарыз және 85 % кепілдеме ала алады. Меніңше, бұл бизнес бастауға тиімді шарттар деп саналады. Бизнес дамыған сайын кәсіпкерлер субсидияланған мөлшерлемер алуға мүмкіндік беретін айналым өнімдері сынды өзге де құралдарға мән бере бастайды.