«Бизнестің жол картасы-2020»: Айдар Әріпханов табысты жобалар туралы айтып берді

22.05.2019

1

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдауға ие болған кәсіпкерлер ел бюджетіне салық түрінде 900 млрд теңге төледі. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

 

Ол «Бәйтерек» холдингі қызметінің негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті қолдау болып табылатынын атап өтті. Бұл жұмысты Холдинг өзінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жүргізеді.

 

- Мемлекеттік бағдарлама аясында шағын және орта бизнес субъектілері несиені арзандату үшін сыйақы мөлшерлермесін субсидиялау түрінде қолдау ала алады және кепілдік қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда несиелер бойынша ішінара кепілдік ала алады. Біздің жұмысымыздың нәтижесі ретінде 13 мың жобаны субсидиялағанымызды және осы бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде (2010 жылдан бастап) 5 мың жобаға кепілдік бергенімізді айта аламыз. Бұл ауыз толтырып айтарлық көрсеткіш, - деді Айдар Әріпханов.

 

Холдинг басшысы атап өткендей, «БЖК-2020» жүзеге асырылған жылдар ішінде Бағдарламаға қатысушылар 900 млрд теңге салық төлеген, шамамен 13,5 трлн теңге сомаға өнім шығаруды қамтамасыз етті. Оны іске асырудың арқасында 89 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, бұрыннан болған 312 мыңға жуық жұмыс орны қолдау тапты.

2

Статистикалық мәліметтерден басқа Айдар Әріпханов мемлекеттік бағдарлама арқылы жүзеге асырылған табысты жобалардың мысалдарын да келтірді.

 

Атап айтқанда, «Бал Текстиль» ЖШС Түркістан облысында кілем шығарады. Компания заманауи жабдықтар сатып алу үшін 250 млн теңгеге қарыз алды. Нәтижесінде - бүгінде кәсіпорын кілемнің 500-ден астам түрін шығарады және IKEA әлемдік танымал сауда маркасына арналған алғашқы Қазақстандық өнім беруші болып табылады.

 

«Билал» компаниясы Түркістан облысында ұнтақталған кофе өндірумен айналысады. Ол бізден өндірістің толық циклі үшін жабдықтар сатып алуға қолдау алды. Қарыз сомасы 30 млн теңге. Бұл отандық өндіруші нарықтағы импорттық аналогтарды төмен бағамен алмастырып отыр.

 

Шығыс Қазақстан облысында мұнай кәсіпшілігі және бұрғылау геологиялық барлау жабдығының ірі өндірушілерінің бірі «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» қолдау тапты. Қарыз сомасы - 1,2 млрд теңге.

 

Алматы облысында «Асыл құс Агро» компаниясы құс фабрикасын салуға және жабдықтар сатып алуға 1,3 млрд теңге несие алды. Нысанда 170 жұмыс орны ашылды.

 

Әлеуметтік салада қызықты және өте пайдалы жобалар бар. Мысалы, Ақтөбе облысында «Сымбат-2050» ЖШС 500 млн теңге несие есебінен 600 оқушыға шақталған жеке мектеп салады. Құрылыстың қарқынды жүруі оларды бұдан басқа 100 орындық интернат құрылысын бастауға шабыттандырды, бірақ оны компания толығымен өз қаражаты есебінен салмақ.

 

Сол өңірде Біз денсаулықты қорғау бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында алғашқы қазақстандық жобаны жүзеге асыруға көмектесеміз. Атап айтқанда, «Первая помощь» ЖШС реанимобиль сатып алуға 766 млн теңгеге қарыз алды. Компания жылына 200 мың шақыруға жедел медициналық жәрдем қызметін көрсетуді жоспарлап отыр.

 

- Мұндай мысалдар бізде өте көп, олардың әрқайсысы бірегей және нақты экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешеді, - деп атап өтті Айдар Әріпханов.

 

Сонымен қатар, ол 4-6 мамыр күндері елордалық Тәуелсіздік сарайында қазақстандық өндірушілердің «ULTTYQ O'NIM» көрмесі өткенін еске салды. Биыл оған «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» Қоры арқылы мемлекеттік қолдау алған 500-ден астам қазақстандық кәсіпорын қатысты.

 

 

3

Айдар Әріпхановтың айтуынша, болашақта кәсіпкерлерді қолдауды күшейту жоспарлануда. Осылайша, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы тағы бес жылға ұзартылады.

 

Субсидиялау және айналым қаражатын толықтыруға кепілдік беру бойынша кредиттер мөлшерін 60 млн теңгеден 360 млн теңгеге дейін арттыру жоспарлануда. Несие беру мақсаттарының тізімі кеңейтілетін болады – бұдан былай бизнесін енді бастап келе жатқан немесе қазақстандық және шет елдік франчайзингті қолданатын әрекеттегі бизнесінде жаңа бағыттарды дамытқысы келетіндерге қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушы операторлар тізімі де кеңейтіледі, оған микроқаржылық ұйымдар қосылады, сондай-ақ мемлекеттік грант сомасы 3 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін артады.

 

- Біз бір орында тұрмауымыз керек, сондықтан Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп 2025 жылға дейін «Бизнестің жол картасы» жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Ол жыл соңына дейін қабылданады деп жоспарланып отыр, - деді ол.

 

Холдинг басқармасының төрағасы сондай-ақ журналистерге бизнес-инкубациялау жүйесін дамытатын «QazTech Ventures» АҚ жұмысы туралы айтып берді. Бизнес-инкубатор бұл идеяны әзірлеуден бастап оны коммерцияландыруға дейінгі барлық даму кезеңдерінде жас кәсіпкерлердің жобаларын қолдаумен айналысатын ұйым.  2019 жылы кемінде үш бизнес-инкубаторды қолдау жоспарлануда.

 

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Айдар Әріпханов қазіргі уақытта «Даму» Қорының желісі бойынша барлық облыс орталықтары мен Нұрұлтан, Алматы, Семей қалаларында Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 18 орталық, сондай-ақ Қазақстанның 14 облысында кәсіпкерлікті қолдау Мобильді орталықтары жұмыс істейтінін хабарлады.

 

Кәсіпкерлер үшін «бір терезе» қағидаты бойынша барынша қолайлы жағдай жасалған. Орталықтың операциялық залдарында түрлі бағыттар бойынша кеңесшілер, сервистік компаниялардың қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП, екінші деңгейлі банктердің, «Даму» Қорының өкілдері жұмыс істейді.

 

- Көбінесе бізге идеялары бар азаматтар келеді, бірақ олар оны қалай жүзеге асыру керектігін білмейді. Біз оларға барлығын тегін түрде егжей-тегжейлі түсіндіреміз. Бизнес-жоспар дайындауға, қажетті есептерді жасауға көмектесеміз - банкке қалай хабарласу керек, қандай құжаттар қажет екенін айтамы, - деп атап өтті Айдар Әріпханов.

 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылған сәттен бастап (2013 жылдан бастап) олардың базасында 349,2 мың клиентке қызмет көрсетілді, оларға 544,9 мың кеңес берілді. Бұл орталықтардың қызметі өз ісін енді бастап келе жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге нақты көмек көрсетеді.

 

Баспасөз конференциясы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы алаңында ұйымдастырылды. Оған ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Ермек Алпысов пен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев қатысты. Баспасөз конференциясының толық нұсқасын мына жерден көруге болады.

 

 

Анықтама:

 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың

озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру,

инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен

орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР

Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ,

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ

банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ,

«Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ,

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project

Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі

қаулысымен құрылды. Қордың миссиясы – кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске

 

асыру арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты

дамуындағы белсенді рөлді атқару болатып табылады. «Даму» Қорының филиалдары

Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен,

қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы билік органдарымн айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.

 

«QazTech Ventures» АҚ венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін құрылды. QazTech Ventures «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамына кіреді.