Актауда кезекте тұрғандар шамамен бес жүз пәтер алды

24.09.2018

11

2018 жылғы 21 қыркүйекте Ақтауда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа пәтерлер кілттерін тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға құрметті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тугжанов және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Руслан Кәкім қатысты.

«Нұрлы жер» бағдарламасының «Сатып алумен жалға беру» бағыты аясында жаңадан салынған көп қабатты 32а – ықшам ауданында жалпы ауданы — 26122,4 ш. м. пәтер таза әрлеуде пайдалануға берілді. Олардың барлығы толығымен тұруға дайын, қажетті коммуникациялар жүргізілді, газ плитасы және сантехника орнатылды.

2014 жылдан бері осы бағытты іске асырушы оператор «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ болып табылады. Мемлекеттің қолдауымен және жергілікті атқарушы органдар, құрылыс салушылар және Қазақстан Ипотекалық Компаниясының жасаған жұмыстардың арқасында көпшілік үшін тұрғын үй мәселесі шешілді – бүгінгі күні 50 мыңға жуық адам кейіннен сатып алатын жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр.

Ақтауда бағытты жүзеге асыру басталғаннан бері және қазіргі кезде жалпы ауданы 57000 шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үйдің 986 пәтері пайдалануға берілді. Республика бойынша деректер әлдеқайда әсерлі - 17694 пәтер немесе бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй.

22
33