1,2 миллион адам – ҚТҚЖБ жүйесінде

05.11.2018

1

Біздің «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ еншілес кәсіпорнымыз хабарлағандай, азаматтардың банктегі жиналған ақшасының жалпы сомасы 562,3 млрд теңгені құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинақтаулары жүйесін 1,2 млн адам қолданды.

Тұрғын үй құрылыс жинақтаулары жүйесі еліміздің тұрғындарына жылына 3,5-тен 5%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша қарыз алуға мүмкіндік береді. Ол үшін қазақстандықтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкіндегі шоттарында кемінде үш жыл ішінде тұрғын үйдің сомасына шаққанда 50% қаражат жинауы қажет.

Сондай-ақ, ең «үнемді» қазақстандықтар Астана қаласында тұрады. Олардың үлесіне ҚТҚЖБ 170 771 депозиті тиесілі. ҚТҚЖБ-гі жинақ шотын толықтырудың орташа сомасы  106 мың теңгені құрайды. Орташа қарыз сомасы – 10 млн. теңге. Жылдың басынан бастап тұрғын үй құрылыс жинақ қоры жүйесі 26 мың азаматқа тұрғын үй алуға көмектесті, олардың ішінде 19 450 адам коммерциялық нарықта тұрғын үй сатып алды және шамамен 7 мың адам «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтер сатып алу үшін қарыз алды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алу үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенті болу қажет және депозитте тұрғын үй сомасына шаққанда кемінде 20%-ы болуы тиіс. Қарыз бойынша мөлшерлеме жылына 5%-ды құрайды. ҚТҚЖБ  желісі бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық объектілер туралы ақпаратты  baspana.kz. сайтынан білуге болады.