Жетекші банк қызметтері

Тікелей және бірқатар коммерциялық серіктестер арқылы көрсетіледі

Image
Жетекші банк қызметтері
2

«Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры»

«Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ кепілдік беру жағдайы пайда болғанда тұрғын үй (тұрғын жай) құрылысын аяқтау үшін кепілдік береді. «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ, сондай-ақ үлескерлік құрылыстың өзге де қатысушыларының қызметі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Заңында қаралған.

 

«Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ кепілдік механизмін жүзеге асыру кезінде құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдарымен белсенді қарым-қатынас жасайды.

 

«Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ тұрғын үй құрылысын кепілдендіру аясында кепілдігі бар тұрғын үй сатып алуға үлескерлердің қарыздарын кепілдендіру механизмін енгізді.

 

Аталған механизм үйдің үлесін сатып алуға несие алу үшін қосымша кепілдігі жоқ (бұл жағдайда тұрғын үй құрылысында үлескерлік қатысу туралы шарт кепілдік мәні болып табылады) тұрғандар үшін тиімді.