Қазақстандағы құрылысты қолдау

«Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялары бүкіл ел бойынша ірі құрылыс жобаларын озық қаржылық және жобалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Image
construction funding
team

«Бәйтерек девелопмент» АҚ

«Байтерек девелопмент» АҚ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу механизмі арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру бойынша «Нұрлы жер» Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасының бірыңғай қаржылық операторы болып табылады, сондай-ақ, құрылыс саласындағы меншікті инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен айналысады.

Жергілікті атқарушы органдардың құнды қағаздарын сатып алу

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары, оның ішінде, әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін қолжетімді тұрғын үй ұсынысын арттыру мақсатында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

  • Өтеу мерзімі – 2 жыл;

  • Купондық пайыз – 0,35% (жылына 2 рет төлеумен).

Тұрғын үй инвестициялық жобаларын шартталған қаржыландыру

Инвестициялық жобаларды шартталған қаржыландыру «Бәйтерек Девелопмент» АҚ жобаны жүзеге асыру үшін жеке әріптестікке қарызды кейінгі ұсыну мақсатында екінші деңгейдегі банктерде шартталған салымды орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.

1 механизм: Құрылыс аяқталғаннан және объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін жеке әріптес «Бәйтерек девелопмент» АҚ-на орналастырылған шартталған салым сомасына объектідегі тұрғын үй-жайларды «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына тұрғын үйді бұдан әрі сату мақсатында ұсынады.

  • Екінші деңгейдегі банктерге арналған сыйақы мөлшерлемесі – 1%;

  • Жеке әріптеске арналған сыйақы мөлшерлемесі – 5%;

  • Орналастыру мерзімі – 2 жылдан артық емес;

  • Жобаларды жүзеге асыру орны – Алматы, Астана қалалары және олардың қала аймақтары.

2 механизм: Шартталған салым мерзімінің аяқталуынан кейін екінші деңгейдегі банк «Бәйтерек девелопмент» АҚ-на есептелген сыйақымен бірге, шартталған салым сомасын қайтарады, ал жеке әріптес объектідегі тұрғын үй-жайларды өз бетімен сатып, ұсынылған қарыз бойынша банкпен өзара есеп айырысу жүргізеді.

  • Екінші деңгейдегі банктерге арналған сыйықы мөлшерлемесі – ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі минус 1,5%;

  • Жеке әріптеске арналған сыйақы мөлшерлемесі – ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі плюс 3,5%;

  • Орналастыру мерзімі – 2 жылдан артық емес;

  • Жобаларды жүзеге асыру орны – Алматы, Астана қалалары және олардың қала аймақтары.

Тұрғын үй инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру

«Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрғын үй инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыруды мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаларымен халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту есебінен, халықаралық қаржы ұйымының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

Әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру

«Бәйтерек девелопмент» АҚ сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу, екінші деңгейдегі банктер арқылы шартталған қаржыландыру және тікелей қаржыландыру механизмдері арқылы әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында қаржыландыру ұсынады.

 

Әлеуметтік бағыттағы жобаларға білім беру, әлеуметтік-мәдени тұрмыс, денсаулық сақтау, басқа урбанистік объектілер, сауықтыру және рекреация объектілерін, сондай-ақ, қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымының басқа объектілерін салуға байланысты жобалар жатады.

 

Әлеуметті бағыттағы жобаларды қаржыландыру Қоғам теңгерімінен жылжымайтын мүлік объектілерін кепілдендірілген сатып алу шартымен, оның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаларымен жүзеге асырылады.