«Бәйтерек» Холдингінің Корпоративтік басқаруы

Image
office doors
Corporate governance

Корпоративтік басқару принциптері

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ корпоративтік басқаруды Холдинг және оның еншілес ұйымдары қызметінің тиімділігін арттырудың, транспаренттілік пен есеп берушілікті қамтамасыз етудің, оның беделін нығайтудың және капиталды тартуға арналған шығындарды азайтудың негізгі құралы ретінде қарастырады. Холдинг корпоративтік басқарудың тиісті тәжірибесін іске асыру арқылы Қазақстан Республикасындағы заңнаманың үстемдігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылады.

Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Холдинг қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейді және Холдингтің табысты қызметіне ықпал етеді. Холдингтің корпоративтік басқару жүйесі Холдинг органдары, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты ажыратуды көздейді.

Холдингтің корпоративтік басқаруының негізгі қағидаттары:

• өкілеттілікті шектеу принципі;

• жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;

• Директорлар кеңесі мен басқарманы тиімді басқару қағидаты;

• тұрақты даму принципі;

• тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және ішкі аудит принципі;

• корпоративтік қайшылықтар мен мүдделер қайшылығын реттеу принципі;

• холдинг қызметі туралы ақпаратты ашудың жариялылығы мен әділеттілігі қағидаттары.

Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқарудың үлгі кодексінің қабылдануына байланысты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығы), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 681 бұйрығымен Холдингтің корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Холдингтің корпоративтік басқару кодексі.pdf 

Холдингтің еншілес ұйымдарында ішкі аудит қызметтері екі жылда бір рет корпоративтік басқару жүйесін бағалауды, корпоративтік басқару құрылымы, мүдделер қайшылығын реттеу, директорлар кеңестері жұмысының тиімділігі процестері, тәуекелдерді басқару жүйесі, ішкі аудит, ашықтық бойынша халықаралық тәжірибелерде көзделген іс-шараларды қамтитын корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын кейіннен бекітумен және мониторингілей отырып жүзеге асырады.

Корпоративтік басқарудың озық тәжірибесіне сәйкес холдинг жыл сайын корпоративтік басқару қағидаттарына сүйену туралы есеп дайындайды.

auditor

Сыртқы аудит

Сыртқы аудиторды таңдау және «ҰБХ  «Бәйтерек» АҚ-ның сыртқы аудиторы туралы ақпарат

«ҰБХ «Бәйтерек» АҚ және ұйымдар үшін, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ-ға тиесілі, сыртқы аудиторлық ұйымды таңдау «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ және ұйымдар арқылы,дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ-ға тиесілі, тауарларды сатып алудың Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

2014 жылдан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырыстарының 2014 жылға арналған 2014 жылдың 24 шілдесіндегі № 06/14, 2015-2018 жылдарға арналған 2015 жылғы 12 ақпандағы № 02/15 және 2019-2021 жылдарға арналған 2019 жылғы 15 мамырдағы № 04/19 шешімдеріне сәйкес "КПМГ-Аудит" ЖШС "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның аудиторы болып табылады.

intern audit

Ішкі аудит

Ішкі аудиттің міндеті тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізулер, ұсыныстар беру және білім алмасу арқылы ұйымдастыру құнын сақтап қалу және арттыру болып табылады.

Ішкі аудиттің тәуелсіздігін және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің тікелей басқаруындағы орган болып табылады және соның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.

Қазақстан Республикасының заңнамасының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жарғысы мен Корпоративтік басқару кодексінің, ІАҚ туралы Қағиданың және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудитті ұйымдастыру ережелері нормаларының талаптарына сәйкес – ІАҚ өз қызметін атқару кезінде ішкі аудиттің міндеті мен оны анықтау, ішкі аудиттің кәсіби практикасының негізгі принциптері, этика кодексі және ішкі аудиттің Халықаралық кәсіби стандарттары (ІАХКС), сондай-ақ ішкі аудитті жүзеге асыру бойынша ІАХКС қолдану жөніндегі нұсқаулық және ғаламдық Ішкі аудит институтының тәжірибелік нұсқаулары құрамдас элементтері болып табылатын ішкі аудиттің кәсіби практикасының Халықаралық негіздерін басшылыққа алады.

ІАҚ-нің алғашқы бес жылының қорытындылары бойынша 2013-2017 жылдар аралығында оның қызметіне тәуелсіз ішкі тексеру жүргізілді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметінің Халықаралық кәсіби стандарттарға сәйкестігін 2018 жылы «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС сыртқы тәуелсіз бағалаушысы растады.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінде тәуекел-маңызды салаларда жүргізілген аудиттарға және консультациялық қызметтермен қоса ІАҚ қолданылатын халықаралық корпоративтік стандарттарды ескере отырып, заңнама нормаларына, ішкі тәсілдемелерге сәйкес мерзімді түрде ішкі бақылау, ақпараттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы күрес, Холдингтің тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне кешенді бағалаулар жүргізіп отырады.

risk management

Тәуекелді басқару

Тәуекелді басқару, Холдингтің барлық айтарлықтай тәуекелін анықтауға, бағалауға және мониторингілеуге, сонымен қатар тәуекел деңгейін төмендетуге байланысты шара қабылдауға бағытталған, Холдинг қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Холдинг тәуекелін басқару жүйесі үш деңгейлі иерархия тәрізді ұсынылған:

  1. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін толық жауап береді, Холдинг қызметінің мақсаттарын белгілейді және тәуекелдерді басқарумен байланысты құжаттарды бекітеді.

  2. Басқарма тәуекелдерді басқарудың тиімді процестерін құру, «тәуекелдер туралы хабардар болу» мәдениеті және тәуекелдерді басқару философиясы үшін жауап береді.

  3. Тәуекелдерді басқару департаменті нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылау, қаржылық және қаржылық емес тәуекелдер бойынша ортақ қағидалар мен әдістерді енгізуді бақылауды жүзеге асырады.

комплаенсс

Комплеанс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл

1. Комплеанс-тәуекелді басқару

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ комплаенс қызметі корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады және комплаенс-тәуекелді – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын сақтамауы салдарынан шығындар (материалдық және беделдік) туындауының тәуекелін басқаруға жауап береді.

Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, мүдделер дауын болдырмау, Іскерлік әдебі кодексінің талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекет фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарастыру комплаенс қызметтің негізгі функциялары болып табылады.

 

2. Жемқорлыққа қарсы саясат

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстан республикасы Үкіметінің негізгі қаржы агенті бола отырып, жемқорлықтың алдын алу, ескерту және анықтау бойынша бақылау функцияларын енгізу, сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да жемқорлықты оның кез-келген түрінде қатаң қабылдамау ортасын құру арқылы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Осы мақсатта «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен ішіне жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар кешені, сондай-ақ, еңбек міндеттерін орындау кезінде адалдық пен шындық қағидаларының сақталуын қамтамасыз ететін Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саясаты қабылданған.

 

Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы ақпарат келесі сілтемелер бойынша табылуы мүмкін: http://kyzmet.gov.kz/ru және http://anticorruption.gov.kz/rus/index.php

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама.pdf 

 

3. Жедел желі және кері байланыс

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жеке және заңды тұлғалары тегі, аты және әкесінің атын (бар болса) және/немесе мекеме атауын көрсетіп, құпиялылықты қамтамасыз ететін келесі байланыс арналары арқылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ лауазымды тұлғалары мен юқызметкерлерінің Іскерлік әдебі кодексінің талаптарын бұзу және заңға қайшы әрекеттері жағдайы бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-дағы ықтимал немесе белгілі болған жағдайлар туралы хабарласа алады:

  • «жедел желі» телефондарына: +7 (7172) 95-59-88;
  • Холдингтің интернет-ресурсында үлгіні толтыру әдісі арқылы «Кері байланыс» baiterek.gov.kz/kk/bizge-surak-koyynyz;
  • мына электронды мекенжайға: compliance@baiterek.gov.kz;
  • мына пошта мекенжайына: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д.Қонаев көшесі, 8, Б блогы, Комплаенс қызметінің басшысы;

 

4. Іскерлік әдебі кодексі

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері басшылыққа алатын корпоративтік (іскерлік) әдептің негізгі құндылықтары мен қағидаларын белгілейтін ережелер жинағын қарастыратын Іскерлік әдебі кодексі қабылданды.

PDF пішініндегі Іскерлік әдебі кодексі