Холдингтің ақпараттық жүйелері

1. Басқарушы есептілік жүйесі 

Холдингтің Басқарушы есептілік жүйесі (БЕЖ) Еншілес ұйымнан Холдингке ақпарат беру және осы ақпаратты Холдингтің басқарушы құрылымының әр түрлі деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін кейінгі өңдеу  жүйесі болып табылады.
Жүйені құру мақсаттары Холдинг басшылығына:

  • Қойылған міндеттерге және ЕҰ тиімділік көрсеткіштеріне қол жетуді мониторингтеу;
  • ЕҰ мәліметтерін автоматты шоғырландыру және шоғырландырылған қаржылық есептілік, ЕҰ шоғырландырылған бюджетін алу арқылы  ақылға салынған және негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға көмектесу болып табылады.

 

2. Қазынашылық операцияларды басқару жүйесі.

Қазынашылық операцияларды басқару жүйесі – қаржы ағындары, ақшалай қаражат қозғалуы (қазынашылық қызмет) және тәуекелдерді басқару туралы ақпаратты өңдеу мен талдауға арналған автоматтандырылған жүйе.
Жүйені құру мақсаттары Холдинг жұмысына талдамалы есептілік үлгілері мен көрсеткіштерінің құрамын, өтімділікті талдау, тәуекелдерді талдау үшін басты көрсеткіштер жинағын әзірлеуге,  Қаржылық ағындар қозғалуы туралы ақпаратты біріктіру әдістерін әзірлеуде көмектесу болып табылады. 
 

3. Digital Baiterek

 

 

Digital Baiterek – бизнеске кешенді және клиентке бағдарланған қолдау ұсынуға бағытталған, «Бәйтерек» Холдингі қызметінің бірыңғай цифрлық алаңы. 

Digital Baiterek келесілер тәрізді мүмкіндіктер ұсынады: 

  • «Бәйтерек» Холдингінің клиенттері үшін жағымды ақпараттық орта құру;
  • қағаз тасымалдағыштардан бас тарту және коммуникацияларды цифрлық түрге ауыстыру есебінен өнімділікті жоғарылату;
  • пакетті қызметтерді ұсыну мүмкіндігі.


«Бәйтерек» Холдингі және еншілес ұйымдар ұсынатын қызметтердің барлық сұрыпталымы Digital Baiterek қызметтер витринасы арқылы қолжетімді.

 

 

4. «1С Бухгалтерия», 1С «Жалақы және Қызметкерлерді басқару»

Холдинг қызметкерлері «1С: Кәсіпорын» БҚ платформасында іске асырылған және бухгалтерлік және салық есебін қолданыстағы заңнамаға сәйкес автоматтандыруға, сонымен қатар, міндетті (регламенттелген) есептілік үлгілерін дайындауға арналған «1С Бухгалтерия 8», 1С «Жалақы және Қызметкерлерді басқару» жүйесінде жұмыс істейді.
 

5. E-Qujat электрондық құжат айналымы жүйесі

E-Qujat электрондық құжат айналымы жүйесі Холдингте қағазсыз құжат айналымын жүргізуді қамтамасыз етеді, әр түрлі құжаттарды дайындау және келісу уақытын қысқартады және өзара іс-қимылдарды сандық түрге көшіру есебінен өнімділікті арттырады.

 

6. Ұжымдық жұмыс жүйесі 

Ұжымдық жұмыс жүйесі – компания қызметкерлеріне қолда бар құқықтар деңгейіне сәйкес өндірістік қызметті ұйымдастыру мақсатында ішкі және сыртқы желілердің әр түрлі ақпаратына қолжетімділікті ұсыну;

  • Қызметкерлердің тұрақты және/немесе уақытша топтарының аясындағы бірлескен жұмысы;
  • Қызығушылықтар немесе міндеттер бойынша корпоративтік қауымдастықтар құру;
  • Мәліметтерді сақтау және оларды басқару (жинау, іздеу, жүйелендіру);
  • Мәліметтерге қауіпсіз, дербестендірілген қолжетімділікті қамтамасыз ету (жұмыс орнынан, шалғайдан және мобильді құрылғылардан)

7. "Электрондық келісімшарттар"

Сатып алу үшін пайдаланылатын тапсырыс берушілердің қаржы қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсауын қамтамасыз ету, қоғамның ашықтығы мен сенімін арттыру, әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру.