Холдинг рейтингтері

Fitch Ratings

 

2014 жылғы 14 шілдеде Fitch Ratings Эмитентке шетел валютасында «BBB+» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісін («ЭДР»), ұлттық валютада «A-» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді ЭДР, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісін және шетел валютасында «F2» эмитент дефолтының қысқа мерзімді ЭДР берді. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2015 жылғы 13 шілдеде Fitch Ratings Эмитенттің рейтингтерін растады: шетел валютасында «BBB+» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісі («ЭДР»), ұлттық валютада  «A-» ұзақ мерзімді ЭДР, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісі және шетел валютасында «F2» қысқа мерзімді ЭДР. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2016 жылғы 6 мамырда Fitch Ratings Қазақстан Республикасының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР төмендегеннен кейін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР «ВВВ+»-ді «ВВB»-ге дейін төмендетті, ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР «A-»-дан «BBB»-ге дейін төмендеген, ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісі «AAA(kaz)» деңгейінде, шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР «F2» деңгейінде. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

 

2017 жылғы 5 мамырда Fitch эмитетке шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР BBB/тұрақты деңгейінде растады (егемендіге сәйкес келеді). Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

 

2018 ж. 04 мамырда Fitch Ratings «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Бәйтерек») рейтингтерін растады, Қазақстан: шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («РДЭ») «BBB» деңгейінде, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін және шетелдік валютадағы қысқа мерзімді РДЭ «F2»деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2019 ж. 02 мамырда Fitch Ratings «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Бәйтерек») рейтингтерін растады, Қазақстан: шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («РДЭ») «BBB» деңгейінде, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін және шетелдік валютадағы қысқа мерзімді РДЭ «F2»деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

 

Moody’s

2017 жылғы 4 қазанда Moody’s Investors Service халықаралық рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға ғаламдық шәкіл бойынша «Ваа3» деңгейіндегі рейтингін берді, болжам – «Тұрақты». Сонымен қатар «Ааа.kz» деңгейіндегі ұзақ мерзімді ұлттық рейтингісін тағайындаған.

2018 жылғы 2 сәуірдегі, 2018 жылғы 17 қыркүйектегі және 2019 жылғы 19 ақпандағы шолулардың нәтижелері бойынша "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ рейтингі "Baa3" деңгейінде сақталып тұр, алдағы болжам – "Тұрақты".

Холдинг рейтингі Қазақстанның егеменді рейтингтерін көрсетеді. Moody’s пікірі бойынша «Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық тұтқасы болып табылады және Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше рөл атқарады.

Standard & Poor’s

2014 жылғы 13 тамызда Standard & Poor’s Холдингке контрагенттің «ВВВ+/А-2» деңгейіндегі шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредит рейтингтерін, сондай-ақ «kzAAA» ұлттық шәкілі бойынша рейтинг тағайындады. Рейтингтердің өзгеру болжамы – «Негативті».

2015 жылғы 12 ақпанда Standard & Poor’s  Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді егеменді кредиттік рейтингтерін төмендеткеннен кейін Эмитенттің шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВВ+»-тан «ВВВ»-ге дейін төмендетті. Бірмезетте Эмитенттің шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері «А-2» деңгейінде расталды. Рейтингтер өзгерістерінің болжамы – «Негативті». Сондай-ақ, Эмитенттің ұлттық шкала бойынша рейтингтері  «kzAAA»-дан «kzAA+»-ке дейін төмендеді. Эмитенттің рейтингтері Қазақстан Республикасының егеменді рейтингтеріне сәйкес келеді.

2015 жылғы 10 шілдеде Standard & Poor's контрагенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредит рейтингтерін «ВВВ+/А-2» деңгейінен «ВВВ-/А-3» деңгейіне дейін, сондай-ақ ұлттық шәкіл бойынша рейтингті «kzAA+» деңгейінен «kzAA» деңгейіне дейін төмендетті. Рейтингтердің өзгеру болжамы - «Негативті». Рейтингтің төмендеуі мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігін бағалаудың өзгеруімен байланысты.

2016 жылғы 24 ақпанда Standard & Poor's Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингісінің төмендеуінен кейін Холдингтің контрагенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредиттік рейтингілерін «ВВВ-/А-3» деңгейінен «ВВ+/B» деңгейіне дейін, сондай-ақ ұлттық шакала бойынша рейтингін «kzAA» деңгейінен «kzAA-» деңгейіне дейін төмендетті. Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

2016 жылғы 30 маусымда Standard & Poor's Холдингтің рейтингісін растады: контр агенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемесі бойынша кредиттік рейтингісі «ВВ+/B», сондай-ақ ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzAA-». Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

2017 жылғы 30 маусымда S&P эмитент рейтингі ВВ-/В деңгейіне дейін төмендетілген. Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

2017 жылғы 1 шілдеде эмитент Standard & Poor’s 2017 жылғы 13 тамыздан бастап эмитенттің кредиттік рейтингі туралы хабарлама жіберген.

 

2017 жылғы 11 тамызда Standard & Poor’s өтініш жасауына байланысты эмитенттің барлық рейтингілерін қайтарып алды. Қайтарып алу алдында Standard & Poor’s Холдингтің «ВВ-/В» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін растады.