Омбудсмен – Холдингтің Директорлар кеңесі тағайындайтын, рөлі өзіне өтініш жасаған, еңбек дауларының қатысушылары болып табылатынХолдингтің қызметкерлеріне консультация беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуын ескеріп (оның ішінде қажет болса құпиялылықты сақтау), өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімдерді әзірлеуге жәрдем көрсету, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ Холдинг қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдем көрсету болып табылатын тұлға.

Омбудсменнің негізгі атқарымдары

  • Іскерлік әдеп кодексінің ережелерінің орындалмауы туралы мәліметтер жинау;
  • Қызметкерлерге, еңбек дауына қатысушыларға кеңес беру;
  • Холдинг қызметкерлерінің жұмыскерлердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және Холдингтің лауазымды тұлғаларының қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) қатысты шағымдарын қарастыру
  • Холдинг қызметкерлеріне шиеленістерді (дауды) сот қарастыруына дейін жеткізбей бастапқы кезеңде реттеуге, соттан тыс тәртіпте реттеуге жәрдемдесу
  • Холдингтің лауазымды тұлғаларына қабылданған өтініштер бойынша шиеленістерді (дауларды) реттеу жөніндегі ұсыныстарды келтіру
  • Жүйелі түрде қайталанып отыратын шиеленістерді (дауларды) шешу және алдын алу бойынша ұсыныстар дайындау
  • Холдинг қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен қажетті жиналыстар, кездесулер, кеңестер, талқылаулар өткізу, сонымен қатар келіп түскен өтініштер бойынша Холдинг қызметкерлерін тыңдау.


Холдингтің лауазымды тұлғаларының және басқа қызметкерлерінің заңға қайшы келетін іс-қимылдары бойынша +7 (7172) 270402 телефоны бойынша, сондай-ақ жазбаша өтініштерді қабылдау үшін Оmbudsman@baiterek.gov.kz электронды поштасына хабарласуыңызды сұраймыз. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» Акционерлік Қоғамының Омбудсмені:
Турганова Майра Дюсенбаевна, Ұжымдық хатшы орынбасары - ұжымдық хатшы қызметінің жетекшісі.