«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма шешімімен Марат Омаров «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (Холдингтің еншілес ұйымы) Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды.

Марат Омаров еңбек қызметін «Digiet Limited» АТ компаниясында бизнес-аналитик болып бастаған. Ол ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тарифтік және институционалдық саясатын қалыптастыру департаменті директорының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Лондон Экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) аяқтаған. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін иеленген. Стэндфордск жоғары бизнес мектебінде «Инновациялар және кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша оқыған.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ миссиясы елде инновациялық қызметті тиімді қолдау болып табылады.