Ерболат Досаевтың төрағалық етуімен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы болып өтті.

Директорлар кеңесінің шешімімен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасқаны және шарттық соманы арттыру үшін комиссия көлемі 0 теңге болып белгіленді. Бұл өзгеріс 2017 жылғы 3 сәуірден бастап күшіне енеді.

Аударым қызметтерін көрсеткені үшін комиссиялық жиын көлемі бұған дейін шарттық сомадан және депозитті арттыру сомасынан 0,55 % құраған.

Директорлар кеңесі сонымен қатар 2016 жылға Банктің жылдық қаржылық есебін алдын ала бекітті, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша қызметінің қорытындысы туралы Банк басқармасының есептері бекітілді, 2016 жылға 2014-2023 жылдарға арналған Банктің Ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шараларын орындау туралы есеп бекітілді. Банк құрылымы мен кадрлық қайта орналастыруды ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы болып табылады.