2 наурызда Астана қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның барысында Холдингтің 2023 жылға дейінгі жаңартылған Даму стратегиясының жобасы мақұлданды. Құжат 100 нақты қадам ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға арналған.

Жаңартылған Стратегия «Бәйтерек» холдингісінің Қазақстанның экономикасын тұрақты дамыту процесіндегі рөлін қайта қарайды – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша қаржылық оператор функцияларынан Қазақстанның экспортқа бағытталған және шикізаттық емес экономикасын тұрақты дамыту бойынша басты міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін классикалық институт рөліне көшу.

Стратегияны тиімді іске асыру үшін Директорлар кеңесі грейдирлеу жүйесі негізінде жоғары білікті мамандарды тартуға және ұстауға, сондай-ақ ұйымдық тиімділікті тұрақты дамыту үшін шарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кадрлар саясатын мақұлдады.

«Бәйтерек» холдингісінің Даму стратегиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданатын болады.