Қазақстан Республикасының Премьер-министрімен келісумен, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен Абай Сарқұлов «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарма Төрағасы ретінде тағайындалды, деп хабарлайды АҚ баспасөз қызметі.

Абай Сарқұловтың қаржы саласында 13 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. «Бәйтерек» Холдингінің компаниялар тобында 2008 жылдан бастап қызмет етуде. Инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджерінен бастап «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасарына дейінгі еңбек жолын өтті.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетін аяқтады.

«Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ миссиясы бизнесті дамыту бойынша қаржы құралдары мен бағдарламаларының кең спектрін қамтитын кешенді қолдау арқылы Қазақстанның ШОБ сапалы дамуына көмектесу болып табылады.

http://www.zakon.kz/4846252-abajj-sarkulov-vozglavil-fond-razvitija.html