«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық топ құрамында Ақтөбе облысында болды.

Холдинг басшысы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халықпен есептік кездесуіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік-жеке әріптестік шарттарымен құрылысы салынып жатқан офтальмология ауруханасы мен салтанат сарайын, және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Холдингтің еншілес ұйымы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ құрылысын салып жатқан 180 пәтерлік тұрғын үйді тексерді.

Ақтөбе облысының тұрғындарымен және кәсіпкерлерімен кездесу барысында Ерболат Досаев Жолдауды іске асыру ақтөбеліктердің өмір сүру деңгейлеріне қалай әсерін тигізетіндігін сөз етті.

Баспанаға деген сұраныстың өсуін «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру жоспарланып отыр. «Ақтөбеліктер басқа өңірлердегі тұрғындар сияқты 10 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша «жеңілдік» ипотекасын қолдана алады», - деді Ерболат Досаев. Холдинг басшысы «құрылыс компанияларына пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігін, бұл ретте салынған тұрғын үйлердің жартысы өңірдегі экономикалық жағынан белсенді халықтың 14,7%-ын құрап отырған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына сатылатындығын айтты.  

Бұған қоса, ағымдағы жылы Ақтөбеде бірыңғай сәулеттік стильде Нұр-Ақтөбе шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып отыр. Үйқұрылысы комбинаттарының технологияларын қолдану арқасында 1 шаршы метрдің құны 120 мың теңгеден аспайды. «Пилоттық жобаға қатысушы кезекте тұрған адамдар жер учаскесі бар және инженерлік коммуникациялар өткізілген дайын үйді өз беттерімен сатып алу не Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен қарыз алу мүмкіндігіне ие», - деді Ерболат Досаев.  

Өңірдегі бизнесті дамытудың перспективалары жайында айта келе, Ерболат Досаев өңірде микрокредиттеуді ынталандыруға және бизнес негіздеріне оқытуға бағытталған еселі жұмыс пен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру басталғанына тоқталды.  

2017 жылы «Бәйтерек» холдингі еншілес ұйым «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредиттерді кепілдендіру арқылы ШОБ жобаларына қолдау көрсететін болады.

Бұған қоса, Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесе отырып, жылдық 8,5%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруға 1 млрд.теңге бөлінеді, оның ішінде 300 млн.теңге – жас кәсіпкерлерді қолдауға, 700 млн.теңге – салалық шектеулерсіз аудандарда кәсіпкерлерді қолдауға бөлінеді.