«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 8 ақпан. Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцевпен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу болып өтті.

Кездесу барысында Павел Казанцев Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бірегейлігіне тоқталды. Парламент депутаты құжаттың ауқымдылығы Президенттің осы жылы таңдап алған жариялау нысанына байланысты деп атап өтті.

Павел Казанцев «Бәйтерек» холдингі «Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындауда негізгілердің бірі» әрі «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының операторы болып табылатындығын айтты. Елбасының тапсырмасы бойынша құрылыс секторы отандық экономиканың толыққанды драйвері болуы керек, ал «Нұрлы жер» бағдарламасы маңызды міндет – жақын  арадағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуі тиіс.

«Нұрлы Жер» бағдарламасында тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары: Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы мемлекеттің субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін қарыздарды арзандату көзделген. Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы банктер беретін ипотекалық кредиттерге субсидиялау жүргізіледі. Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары үшін әкімдіктер кредиттік тұрғын үй салуды жалғастырады.