Дүниежүзілік Форумының Экономика және тұрақты даму жөніндегі комиссиясы бүгін Давоста «Гүлденген бизнес – гүлденген әлем» атты баяндамасын және іске асыру үшін 12 триллион АҚШ доллары түріндегі ақша көрінісіне балама нарықтық мүмкіндікті тудыратын 17 басты мақсатты таныстырды. 

Баяндамада адам құқықтарының принциптеріне және әлеуметтік әділдікке негізделген бизнес, үкімет және қоғам арасындағы ұсынылған «жаңа әлеуметтік келісімшарт» бизнес-моделінің әлемде тұрақты болашақты қолдай алатындығы айтылған.

Мына бағыттар бойынша басты мақсаттар қойылған: кедейшілікті жою, аштықты жою, сапалы білім беру, халықтың денсаулығы және әл-ауқаты, жыныстар теңдігі, таза су және гигиена, энергияның арзан және экологиялық көздері, лайықты еңбек және экономикалық өсім, индустриализация, инновация және инфрақұрылым, теңсіздікті қысқарту, қалалар мен аудандарды тұрақты дамыту, мақсатты пайдалану және өндіру, климаттың өзгеруімен күрес, су астындағы және құрылықтағы өмір, және басқалары.

Басты функциясы Давостық Форум қатысушылары үшін баяндама даярлау болып табылатын Экономика және тұрақты даму жөніндегі комиссияға әлемдік бизнес-элитаның 35-тен аса өкілі және азаматтық қоғам көшбасшылары кіреді. Олардың арасында – сингапурлық ірі қаржы қайраткері, Temasek Holdings басшысы Хо Чин, қытай кәсіпкері, Alibaba Group Джек Ма компаниясының негізін салушы және директорлар кеңесінің төрағасы, Mars Incorporated Грант Рейд президенті және бас атқарушы директор, сондай-ақ Unilever президенті Пол Полман бар. Сонымен қатар «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Динара Сейджапарова – Қазақстан мен ТМД елдерінен Комиссиядағы жалғыз сарапшы.


«Комиссияның басты мақсаты – әлемдік бизнес-қауымдастығына кедейшілік, әлеуметтік теңсіздік, қоршаған ортаны қорғау проблемаларын және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешу тұрақты әлемдік даму үшін пайдалы екендігін жеткізу. Бұл тұжырымдамалар өткізілген зерттеулердің нақты сандарына негізделген», - деді Динара Сейджапарова. Сарапшы «Бәйтерек» холдингі 2017 жылы өз жұмысында Комиссияның нұсқаулықтарын пайдалана отырып, Қазақстанда экономикалық жағдайды жақсарту бойынша өз қызметін жалғастыратын болады» - деді.

Өз баяндамаларында сарапшылар сонымен қатар соңғы 30 жылда әлем әлеуметтік даму және техникалық прогресс бойынша үлкен жетістіктердің куәгері болғандығын сөз етті. 2014 жылы зорлық-зомбылық пен қарулы қақтығыстар әлемге ЖІК 9% балама сомасына шығын келтірді, ал биологиялық түрлердің жойылуы және түрлі экожүйелерге келтірілген шығын шамамен  3%-ға бағаланады. Әлем бойынша әлеуметтік теңсіздіктің және жастар арасында жұмыссыздықтың өскені байқалады, бірдей жасаған еңбектері үшін әйелдер ерлермен салыстырғанда орта есеппен жалақыны 25%-ға кем алады. 

Өткен жылдың қараша айында Лондонда Business and Sustainable Development Commission  тұрақты даму бойынша Дүниежүзілік бизнес-кеңес отырысы өтіп, оның жұмысына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Динара Сейджапарова қатысқан. Кеңес отырысы барысында «Үздік нарықтар. Үздік қаржыландыру. Үздік жұмыс орны» («Better Markets. Better Finance. Better Jobs») жобасы талқыланды. Комиссия бір жыл бұрын Давоста құрылған. 

Баяндаманың толық мәтінімен ОСЫ ЖЕРДЕН танысуға болады.
Dinara Seijaparova - Sustainably-focused companies perform better