Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев бизнес-орта өкілдерімен, арабтық жетекші даму институттарының және қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Ерболат Досаевтың топтың бас жетекшісінің орынбасары және қордың дамушы секторы жөніндегі бас жетекшісі Валид Аль Мокарраб Аль Мухаиримен кездесуі барысында «Mubadala Development Company PJSC» ұлттық әл-ауқат қорымен серіктестік туралы мәселе талқыланды.

Тараптар Қазақстан Республикасы аумағында және басқа басымды нарықтарда «Бәйтерек» холдингісінің құрылған «Kazakhstan Infrastructure Fund C.V.» қоры «Kazyna Capital Management» АҚ еншілес ұйымы арқылы да, басқа тетіктерді пайдаланумен де инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бірлесіп инвестициялау туралы келісімге қол қойды.

«Бірлескен бастамамыз – инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды іске асыруды одан әрі дамыту мақсатында біз өзара инвестициялық платформа құруды жоспарлаудамыз», - деді Ерболат Досаев.

Ерболат Досаев «Mubadala» қорының дамушы нарықтардағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша бай тәжірибесі және «Бәйтерек» холдингі компаниясы тобының отандық экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді қызметі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі ұзақ мерзімді дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.