Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Жекешелендіру

1. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ 2016 – 2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ АҚПАРАТ;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 «2016 – 2020 жж. арналған Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) Қазақстанның экономикалық стратегиясын жетілдірудің басты элементі болып табылады.

Кешенді жоспар Қазақстанның шикізат тауарларына қатысты төмен бағалар жағдайында, Дүниежүзілік сауда ұйымына ену, сондай-ақ жақын жылдарда дамыған 30 елдің қатарына және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) қосылу жоспары шеңберінде экономикалық өсуін қолдауға бағытталған.

Жекешелендіру бағдарламасының негізгі мақсаты ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективада экономикадағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік және ұлттық компаниялар арқылы жуықтап алғанда 15 пайызға қысқартудың есебінен активтерді басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Жаңа жоспар елдің Үздік 65 мемлекеттік ұйымдарды, компаниялар мен даму институттарын, сондай-ақ 700-дей еншілес, тәуелді қоғамдарды, сонымен қатар республикалық және қоғамдық активтерді жекешелендіруді қамтиды.

Жекешелендіру бағдарламасы электронды аукциондардан бастап тікелей адрестік сатуға дейін сатудың әр түрлі әдістерін көздейді. Жекешелендіру кестесі басым болып отырған нарықтық конъюнктура мен мемлекеттік және жекеменшік инвесторлардың активтердегі мүддесіне байланысты болады. Компанияларды сатып алғаннан кейін әлеуетті инвесторлар ел экономикасына белсенді түрде инвестиция салуды жалғастыратын болады деп күтілуде.

2. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ЖАТАТЫН КОМПАНИЯЛАРДЫҢ САЙТТАРЫ МЕН ТАНЫСТЫРЫЛЫМДАРЫНА СІЛТЕМЕЛЕР;

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Байтерек» ҰБХ» АҚ) келесі үш еншілес ұйымдарындағы акцияларын сатуды жоспарлауда: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның жеті еншілес тәуелді ұйымы, сондай-ақ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның жеті еншілес тәуелді ұйымы.

  • «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
    – еліміздегі тұрғын үй құрылыстық салымдар жүйесінің принциптерін 2003 жылдан бері сәтті түрде жүзеге асырып келе жатқан жалғыз банк. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі (бұдан әрі – ТҚЖ) халықтың тұрғын үй жағдайын салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй қарыздарын ұсыну арқылы жақсартуға бағытталған.

    «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының операторы болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс салымдары туралы» заңы салымшыларды мемлекеттің сыйақысымен ынталандыру кепілдігін ұсынады (ең жоғары сомасы салым сомасының 20%-ы 200 АЕК-ға дейін).

    Банктің стратегиялық мақсаттарының бірі ТҚЖ жүйесіне қатысушылардың үлесін 2024 жылға қарсы экономикалық белсенді тұрғындардың 17%-на дейін арттыру болып табылады, бұл көрсеткіш 2016 жылдың қорытындысы бойынша 9,6% құрады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның республиканың барлық облыстары мен ірі қалаларында 17 аймақтық филиалдары, 15 қызмет көрсету орталықтары және 12 қызмет көрсету нүктелері, 1100-нан артық агент-жеке тұлғалары (кеңес берушілері) бар.

    2017 жылғы 1 қаңтардағы есепке сәйкес, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы қолданыстағы келісімшарттардың саны 407 млрд. теңге (теңгерім валютасының 65%-ы) мөлшеріндегі жинақтарды қамтитын 815 мың келісімшартты құрауда. Барлығы 2003 жылдан бері Банк 129 мың клиентке 608 млрд. теңге сомасында қарыз ұсынған.

    «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның кредиттік рейтингілері Қазақстан Республикасы банкілерінің арасында ең үздік болып табылады. «Moody’s Investors Service» рейтингілік агенттігінің бағалауы бойынша – Baa3, «Fitch Ratings» рейтингілік агенттігінің бағалауы бойынша – ВВВ- рейтингілеріне ие.

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі екі халықаралық ұйымның: Еуропаның құрылыс-жинақ кассаларының федерациясы (European Federation of Building Societies) мен Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағының (International Union for Housing Finance) мүшесі болып табылады.

    2015 жылдан бері «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Германияның ең ірі Bausparkasse Schwäbisch Hall атты құрылыс-жинақ кассасымен бірге жұмыс істеп келеді, аталмыш ұйым еуропалық несиелендіру нарығында 80 жылдан артық уақыт бойы тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесін сәтті түрде жүзеге асырып келеді.

    «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрақты қаржылық институт болып табылады, оның негізгі міндеті халықтың кең тобының еліміздің барлық аймақтарындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйелеріне тең қатынауын қамтамасыз ету және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арнап сапалы банктік қызмет көрсету болып табылады.

    Сайтқа сілтеме: www.hcsbk.kz

    «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ.pptx 

  • «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ
    – бұл өзіне еліміздегі инновациялық қызметке тиімді қолдау көрсету міндеті жүктелген компания. Компания қызметінің негізгі бағыттары:

    • инновациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

    • инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

    • халықаралық серіктестік желіні дамыту;

    • инновациялық процестерді ақпараттық-аналитикалық қолдау арқылы ынталандыру.

    «ТДҰА» АҚ шеңберінде 8 конструкторлық бюро және 4 технопарк жұмыс істейді.

    Сайтқа сілтеме: www.natd.gov.kz

    Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ.pptx 

  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    мемлекеттік даму институты және күйзелістік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы басқарушы компания болып табылады. Стратегиялық мақсаты – мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттырып және ұлттық даму институттарының инвестициялық тәжірибесін жақсарту.

    Сайтқа сілтеме: www.ifk.kz



 


3. САУДА-САТТЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА;

Сауда-саттықтар мен аукциондар туралы хабарламалар:

13.02.2017 – Қазақстанның инвестициялық қоры «Раннила Қазақстан» АҚ-дағы үлесінің 44%-ын сату бойынша аукционның өткізілетіні туралы хабарлады.
Компания сэндвич-панельдердің өндірісімен айналысады.
Сату әдісі: голландиялық аукцион
Аукцион күні (екінші сауда - саттық): 4 сәуір 2017
Акционерлер:
44% – Қазақстанның инвестициялық қоры,
56% – «Раннила Қазақстан» ЖШС.
Толығырақ ақпарат мына электронды порталда қолжетімді: www.gosreestr.kz

13.02.2017 – Қазақстанның инвестициялық қоры «Мырзабек Алтын Тас Груп» АҚ-дағы үлесінің 39%-ын сату бойынша аукционның өткізілетіні туралы хабарлады.
Компания темірбетонды және бетонды конструкциялардың өндірісімен айналысады.
Сату әдісі: голландиялық аукцион
Аукцион күні (екінші сауда - саттық): 4 сәуір 2017
Акционерлер:
39% – Қазақстанның инвестициялық қоры,
61% – «Мырзабек» ЖШС.
Толығырақ ақпарат мына электронды порталда қолжетімді: www.gosreestr.kz

13.02.2017 – Қазақстанның инвестициялық қоры «Ертіс химия-металлургиялық зауыты» АҚ-дағы үлесінің 44,57%-ын сату бойынша аукционның өткізілетіні туралы хабарлады.
Компания сирек металдардың және олардың негізіндегі қорытпалардың өндірісімен айналысады.
Сату әдісі: голландиялық аукцион
Аукцион күні (екінші сауда - саттық): 4 сәуір 2017
Акционерлер:
44,57% – Қазақстанның инвестициялық қоры
55,43% – «КазНиобий ИХМЗ» ЖШС
Толығырақ ақпарат мына электронды порталда қолжетімді: www.gosreestr.kz

13.02.2017 – Қазақстанның инвестициялық қоры «Орал металды конструкциялар және мырыштау зауыты» АҚ-дағы үлесінің 29,77%-ын сату бойынша аукционның өткізілетіні туралы хабарлады.
Компания металды конструкцияларды ыстықтай мырыштау қызметтерін ұйымдастырумен айналысады.
Сату әдісі: голландиялық аукцион
Аукцион күні (екінші сауда - саттық): 4 сәуір 2017
Акционерлер:
Қазақстанның инвестициялық қоры – 29,77%
«СПП Металлоизделия» ЖШС – 29,53%
«РИЦ Градиент» АҚ – 40,70%
Толығырақ ақпарат мына электронды порталда қолжетімді: www.gosreestr.kz

13.02.2017 - Қазақстанның инвестициялық қоры «White Fishof Kazakhstan» АҚ-дағы үлесінің 42,34%-ын сату бойынша аукционның өткізілетіні туралы хабарлады. Компания балық өнімдерін өсірумен, өңдеумен және ыдыстарға таратып салумен айналысады.
Сату әдісі: голландиялық аукцион
Аукцион күні (екінші сауда - саттық): 4 сәуір 2017
Акционерлер:
Қазақстанның инвестициялық қоры – 42,34%
«Лайм Групп» ЖШС – 57,66%
Толығырақ ақпарат мына электронды порталда қолжетімді: www.gosreestr.kz

13.02.2017 – Қазақстанның инвестициялық қоры «А-КБК» ЖШС-дағы үлесінің 100%-ын сату бойынша аукционның өткізілетіні туралы хабарлады.
Компания балық өнімдерін өңдеумен айналысады.
Сату әдісі: голландиялық аукцион
Аукцион күні (екінші сауда - саттық): 4 сәуір 2017
Акционерлер:
Қазақстанның инвестициялық қоры – 100%
Толығырақ ақпарат мына электронды порталда қолжетімді: www.gosreestr.kz

13.02.2017 – Қазақстанның инвестициялық қоры «PamsPipe» АҚ-дағы үлесінің 100%-ын сату бойынша аукционның өткізілетіні туралы хабарлады.
Компания болат құбырлардың тоттануға қарсы қаптамаларының өндірісімен айналысады.
Сату әдісі: голландиялық аукцион
Аукцион күні (екінші сауда - саттық): 4 сәуір 2017
Акционерлер:
Қазақстанның инвестициялық қоры – 100%
Толығырақ ақпарат мына электронды порталда қолжетімді: www.gosreestr.kz

4. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ЖАТАТЫН ХОЛДИНГ ЖӘНЕ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫ ТУРАЛЫ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ;

Егер сіздің қандай да бір қосымша сұрақтарыңыз және сұратуларыңыз болса, біздің командамен байланысыңыз:

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
Нұрмұхамет Кантуре
Жоба жетекшісі
Инвесторлармен жұмыс жөніндегі департамент
Тел:. +7 7172 27-04-11
email: n.kanture@baiterek.gov.kz

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
Айдана Сайфуллаева
Жоспарлау және стратегиялық талдау департаментінің
Бас маманы
Тел. +7 727 279 35 11 вн. 00388
email: saifullayeva.a@hcsbk.kz

Айбар Олжаев
Баспасөз хатшысы
Жарнама және бұқарамен байланыс департаменті
Тел. + 7 727 279 35 11 вн. 00373
email: olzhayev.a@hcsbk.kz

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ
Руслан Абдулбакиев
Стратегиялық жоспарлау және мониторинг департаментінің
Бас менеджері
Тел:. +7 7172 57 10 14 вн. 226
email: Ruslan.Abdulbakiyev@natd.gov.kz

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
Сырым Нұрғазиев
Инвестициялық жобалар департаментінің
Менеджері
Тел. +7 7172 55 95 96 вн. 331
email: Nurgaziyev@ifk.kz

5. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР;

ҚРҮ № 1141 Қаулысына сілтеме

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен дауыс беруші акцияларының 50%-дан артық бөлігі тікелей немесе жанама түрде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға меншік құқығымен тиесілі болып табылатын ұйымдардың активтерін (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестерін) бәсекелес ортаға тапсыру ережелері.

6. ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ;

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның интернет-ресурсында ұсынылған ақпарат мерзімді сипатқа ие болып табылмайды және тек қана «Байтерек» ҰБХ» АҚ қызметіне қатысты. Сайтта және оның бөлімдерінде берілген барлық мәліметтер мен деректер, егер нақты материалдарда басқасы көрсетілмесе, тек қана ақпараттық сипатқа ие және жария оферта болып табылмайды.

Сайтты пайдалану шарттарының күші пайдаланушылардың барлығына тарайды. Пайдаланушының сайтқа ену (сайттың ресурстары мен материалдарын қолдану) фактісі оның сайтты қолдану шарттарымен толық көлемде, қандай да бір алып тастауларсыз және шектеулерсіз келісетіндігін растайды.

«Байтерек» ҰБХ» АҚ сайтта ұсынылған кез келген мәліметтерді, сонымен бірге «Байтерек» ҰБХ» АҚ ұсынатын қызмет көрсетулер туралы ақпаратты, сондай-ақ осы сайтты пайдалану шарттарын пайдаланушыларды алдын-ала ескертусіз, кез келген уақытта өз қалауы бойынша өзгертіп отыруға құқылы.

Сайтта берілген ұсынымдарды, пікірлер мен мәлімдеулерді қолданудың нәтижесінде жағымсыз салдардың орын алу тәуекелін толық көлемде пайдаланушы арқалайды. «Байтерек» ҰБХ» АҚ сайтта берілген ұсынымдардың, пікірлер мен мәлімдеулердің дәлдігі мен шүбәсіздігіне кепілдік бермейді және растамайды. «Байтерек» ҰБХ» АҚ сайтта ұсынылған ақпаратты қолданудың нәтижесінде туындаған қандай да бір (тікелей немесе жанама) залалдар үшін, сондай-ақ пайдаланушы «Байтерек» ҰБХ» АҚ-мен мұндай залалдардың ықтималдығы туралы ескертілген жағдайдың өзінде, ол «Байтерек» ҰБХ» АҚ ұсынып отырған қызмет көрсетулерді пайдаланудың немесе пайдаланудың мүмкін болмауының нәтижесінде туындаған залалдар үшін жауапкершілікте болмайды.

«Байтерек» ҰБХ» АҚ пайдаланушыларға сайтта ұсынылған құжаттар мен материалдарды тек жеке басының мақсатында көшіріп отыру құқығын ұсынады, бұл жағдайда оларды артынша үшінші тұлғаларға тарату немесе өзге кез келген коммерциялық мақсатқа арнап пайдалану құқығы берілмейді. 

Пайдаланушы сайттың кез келген материалдарын көшіре отырып, қолданылып отырған материалдарға қатысты авторлық құқықты сақтауға және түпнұсқадағы тиісті белгілерді, оның ішінде, егер көрсетілген болса, оның жарияланған күнін сақтап отыруға, сондай-ақ көшіріліп отырған ақпаратты тасымалдап алған күнін көрсетіп отыруға келіседі. 

Өнімдерге және үшінші тұлғалардың қызмет көрсетулеріне қатысты сілтемелер сайтта тек ақпараттық мақсатпен беріледі және «Байтерек» ҰБХ» АҚ-ның оларды қолдап, бақылап немесе ұсынып отырғанын меңземейді. 

Сайтта өздеріне қатысты сілтемелер берілген басқа кез келген ақпараттық ресурстарға ауысулар пайдаланушының өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. «Байтерек» ҰБХ» АҚ басқа интернет-ресурстарға қатысты сілтемелерді пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін енгізіп отырады, алайда бұл жағдайда «Байтерек» ҰБХ» АҚ мұндай ресурстардың мазмұнына жүйелі түрде мониторинг жүргізбейді және осыған орай оларда берілген ақпараттың, деректердің, пікірлердің, кеңестердің немесе мәлімдемелердің дәлдігі мен жарамдылығы үшін жауапты емес.


  • 1. Жекешелендіру дегеніміз не?

    Жекешелендіру – мемлекеттің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңнамасымен орнатылған арнайы процедуралар аясында жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік мүлікті сатуы.
  • 2. Қандай активтер бәсекелес ортаға беріледі?

    2015 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1141 «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына сай бәсекелес ортаға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның мына активтері беріледі:

    • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ;

    • «KazakhExport» АҚ;

    • «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ;

    • «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның 7 еншілес кәсіпорны:

      • Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркі» ЖШС;

      • Қарағанды қаласындағы «Сары-Арқа» технопаркі» ЖШС;

      • Алматы қаласындағы «Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» ЖШС;

      • Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстандық аймақтық «Алтай» технопаркі» ЖШС;

      • Астана қаласындағы «Көліктік машина жасау конструкторлық бюросы» ЖШС;

      • Петропавл қаласындағы «Мұнай-газ құрал-жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС;

      • Өскемен қаласындағы «Тау-кен металлургиялық жабдықтар конструкторлық бюросы» ЖШС.

    • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның 8 еншілес кәсіпорны:

      • «Досжан темір жолы» АҚ *

      • «А-КБК» АҚ

      • «Орал металл конструкциялары және мырыштау зауыты» АҚ

      • «Ертіс химиялық-металлургиялық зауыты» АҚ

      • «Мырзабек Алтын Тас Груп» АҚ

      • «Раннила Қазақстан» АҚ

      • «Pams Pipe» АҚ

      • «White Fish Kazakhstan» АҚ

      * - «ДТЖ» АҚ-н жекешелендіру уақытша тоқтатылды

  • 3. Мүлікті/активтерді жекешелендірудің қандай тәсілдері қарастырылған?

    «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен ұйымдарының активтерін бәсекелес ортаға беру ережелеріне сәйкес «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі 50%-дан астам дауыс беруші акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мына әдістерді пайдаланады:

    1) сауда (түрлері: аукцион, тендер);

    2) екі кезеңдік процедура арқылы сайыс;

    3) тікелей бағытталған сату;

    4) қор биржасында сату.

  • 4. Электрондық аукцион өткізу арқылы сату қалай жүзеге асырылады?

    электрондық аукцион – электрондық аукцион (әрі қарай – аукцион) – тізілімнің веб-порталында сату түрі, мұнда қатысушылар өз ұсыныстарын көпшілік алдында жариялайды. Аукцион сатудың екі түрі арқылы жүзеге асырылады: бағаның өсуіне және бағаның түсуіне. Аукционды өткізу кезіндегі нысанның бастапқы бағасы оның бастапқы құнына тең болады. Алғаш рет сатылатын нысан аукционға бағаның өсуіне сай ұсынылады.

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойыныша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламенті».

  • 5. Тендер өткізу арқылы сату қалай жүзеге асырылады?

    Тендер – тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген жабық электрондық конвертке жүктелетін, қатысушылар бағалық ұсыныстарын хабарлайтын сауда формасы. Тендер ашық болу керек. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғау мен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ережесіне қатысты ерекше жағдайларда тендердің жабық болуы мүмкін.

    Жабық тендерге сатушы немесе оның комиссиясы белгілеген қатысушылардың шектеулі ортасы ғана қатыса алады. Жабық тендерге қатысуға шақыруды жабық теңдердің барлық шарттарымен бірге сатушы жібереді. Жабық тендерге қатысуды қалайтын, қатысуға шақыру жіберілген тұлғалардың өтінішін тіркеу жазбаша шақырулар жіберілген күннен бастап, тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылады және жабық тендер басталмас бұрын екі сағат бұрын аяқталады.

    Тендер немесе жабық тендер тізілімнің веб-порталында Қазақстан Республикасы заңымен қарастырылған мейрам және демалыс күндерінен басқа сейсенбі мен жұма аралығында өткізіледі. Тендер немесе жабық тендер Астана уақытымен 10:00 және 13:00 аралығында өткізіледі. Нысанды алғаш рет тендерге (жабық тендерге) шығарған кезде, нысанның бастапқы сайыстық құны бастапқы құнына тең болады, ал екінші және үшінші сатылымда сатушы белгілейді

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойыныша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламенті».

  • 6. Сайыс өткізу арқылы сату қалай жүзеге асырылады?

    Екі кезеңдік процедура арқылы сайыс – сатушы жеңіп алушыны тәуелсіз кеңесшілерді қатыстыру арқылы анықтайтын автивтерді өткізу әдісі.

    Тәуелсіз кеңесшіні қатыстыру жекешелендіру нысанын жан-жақты талдауды жүргізу, оның құнын бағалау және сатылатын нысандар туралы деректер қорының ықтимал сатып алушыларын пішімдеу үшін ашық сатылымда (аукцион, тендер) жүзеге асырылады.

  • 7. Тікелей бағытталған сату қалай жүзеге асырылады?

    Активтерді тікелей бағытталған сату мына белгілерге сай келетін стратегиялық инвестор, Қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлға (олардың бірлестігі) үшін өткізіледі:

    - инвестордың өзінде және (немесе) оның үлестес тұлғасында активтерді өткізу қызметіне байланысты салада жұмыс тәжірибесінің болуы;

    - активтерді басқаруға қатысу үшін ірі акция пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлесін) алу, сондай-ақ, технология трансферті арқылы даму (бар болса), оның ішінде жабық ақпаратты алу (өндірістік құпияларды, ноу-хау) және жоғары білікті мамандарды тарту.

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на меншіктік құқық негізінде тікелей немесе жанама тиесілі 50%-дан астам дауыс беруші акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлесі), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен ұйымдарының активтерін бәсекелес ортаға беру ережесі.

  • 8. Қор биржасында сату қалай жүзеге асырылады?

    Қор биржасында сату Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар нарығы туралы» заңнамасына және басқа да нормативтік құқықтық активтерге сәйкес жүзеге асырылады.

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на меншіктік құқық негізінде тікелей немесе жанама тиесілі 50%-дан астам дауыс беруші акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлесі), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен ұйымдарының активтерін бәсекелес ортаға беру ережесі.

  • 9. Автивтер құнын бөлеп төлеуге болады ма?

    Ықтимал бөліп төлеу шарттары сауда-саттыққа қатысушыларға алдын ала жеткізілген жағдайда ғана, бөлеп төлеуге рұқсат етіледі. Бұл кезде бастапқы жарна көлемі сату құнының елу пайызынан кем болмауы, ал бөліп төлеу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс.

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойыныша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламенті».

  • 10. Қандай жекешелендіру түрінде Сатушы қызмет профилін сақтау шартын орнатады?

    Сатушы тендер және тікелей мекенжайлық сату әдісімен сату кезінде қызмет профилін сақтау шартын орнатады.

  • 11. Сатуға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

    Сатуға қатысу үшін мыналарды көрсету арқылы тізілімнің веб-потралында алдын ала тіркелу қажет:

    1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

    2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

    3) кепілдікті жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банк шотының реквизиттері;

    4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail).

    Жоғарыда көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойыныша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламенті».

  • 12. Кепілдікті жарнаның көлемі қандай?

    Кепілдікті жарна – сатуға қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға салым жасайтын, сатылатын нысанның бастапқы құнының 15%-ы көлеміндегі, 30 000-есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ақшалай қаражат.

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойыныша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламенті».

  • 13. Сатуға қатысуға өтініш беру мерзімі қандай?

    Сатуға қатысушыларды тіркеу тізілім веб-потралында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сату басталмас бұрын екі сағат алдында аяқталады.

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойыныша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламенті».

  • 14. Жалғыз қатысушы сатудың жеңімпазы бола ала ма?

    Тізілім веб-порталы қабылдаған тендерге (жабық тендерге), сайысқа қатысушылардың немесе комиссия аукционға өткізген сайысқа қатысушылардың, сатушы өткізген тендерге (жабық тендерге) қатысушылардың саны екеуден аз болатын болса, тендер (жабық тендер), сайыс өткізілмеген болып жарияланады, тек үшінші және одан кейінгі сатуларда ғана сатылатын нысанның жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін.

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойыныша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламенті».

  • 15. Сатудың жеңімпазымен сатып алу-сату шартын жасасу және төлемдерді төлеу мерзімі қандай?

    Сатып алу-сату шарты сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шартының негізі ретінде сату нәтижелері туралы протоколға сілтеме көрсетіліп жасалады.

    Сатушы сатып алу-сату шартында нысан жекеменшігінің құқығы сатып алушыға толық төлем жасалғаннан кейін берілетінін көрсетеді.

    Сатып алу-сату шарты бойынша есептесулер сатушы мен сатып алушы арасында жүзеге асырылады, бұл кезде сатып алушы есептесуді мына тәртіпте орындайды:

    1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он күн мерзімінен кешіктірмей, сатылатын нысанның 15%-ынан кем емес мөлшерде жасалады. Аванстық төлем сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша міндеттерін орындауын қамтамасыз ету болып табылады. Кепілдікті жарна тиесілі аванстық төлем есебінен алынады;

    2) қалған сома тараптардың келісімі бойынша сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей төленеді.

    Барлық есептесулер сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шартында көрсетілген сатушының есептік шоты арқылы қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырылады.

    Ақырғы төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда, сатып алу-сату шартын бір жақты тәртіпте бұзуға рұқсат етіледі. Ақырғы төлем мерзімінің кешіктірілуі себебінен сатып алу-сату шарты бұзылған жағдайда, аванстық төлем қайтарылмайды.

    Ескертпе: ақпарат көзі: «Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойыныша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламенті».

  • 16. Жекешелендіруден кейін «KazakhExport» ЭСК» АҚ-нда («КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ) экспортты дамыту институты күйі сақталады ма?

    «KazakhExport» ЭСК» АҚ -ның негізгі функциялары мен күйі, оның ішінде экспортты дамыту институты күйі толық көлемде сақталады.

  • 17. Жекешелендіруден кейін «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның («КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ) өнімдерін беру шарты өзереді ме, оның ішінде тарифтері көтеріледі ме?

    «KazakhExport» ЭСК» АҚ өнімдерінің шарты экспорттаушыларға қолдау көрсету кезінде тиімділігін арттыру мақсатында өзгертілуі мүмкін, бұл кезде эскпорттаушыларға арналған бағдарламаның қолжетімділігі сақталады.

  • 18. Жекешелендіруден кейін «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның («КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ) қызметтерін қолдануды қалайтын клиенттерді іріктеу белгілері өзгертіледі ме?

    «KazakhExport» ЭСК» АҚ-н жекешелендіру ең алдымен экспорттаушыларға қолдау көрсету көлемін арттыру мақсатында қаржылық тұрақтылықты бекітуге бағытталған, осыған байланысты клиенттерді іріктеу белгілерін өзгерту әлемдік беталыстарға, нарықтағы жағдайға, ел мен реттеуші органның заңды талаптарына сай экспорттаушыларға қолдау көрсету механизмінің тиімділігін арттырумен қамтамасыз етілуі мүмкін.

  • 19. Инвестор пайда болған жағдайда, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның несие берудің жеңілдікті ставкасы жоғалып кетпейді ме?

    Несие беру ставкасы бойынша барлық қолданыстағы жеңілдік шарттары толық мөлшерде сақталады. Банк жекеменшік түрінен тәуелсіз «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» заңы аясында өз жұмысын жалғастырады. Осы заңның 3-бабы 5-тармақшасына сәйкес тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша сыйақы ставкасынан жылдық үш проценттен аспауға тиіс.

  • 20. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жекешелендіруге байланысты мемлекеттік бағдарламаға қатысуын тоқтатпайды ма?

    Ешбір жағдайда тоқтатпайды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мемлекеттік «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасының негізгі операторы болып табылады. Бұл мемлекеттік бағдарлама барлық мемлекеттік тұрғын үй бастамаларын біріктіреді және оны бастапқы жүзеге асыру бағдарламасы 2017 және 2021 жылдар аралығында ұзартылады.

  • 21. Жаңа инвестор келетін болса, ол «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары үшін мемлекеттік сыйақыларды төлеуден бас тартпайды ма?

    Бас тартпайды. Себебі азаматтардың салымдарына жылдық жинақтардың 20%-ы көлеміндегі мемлекеттік сыйақыны төлеу «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» заңымен реттеледі. Сыйақы бойынша барлық төлемдер мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.