Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 31 желтоқсан 2016 жылғы №922 Қаулысы бойынша, тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа механизмдерін біріктірген және бұрын қабылданған салалық және мемлекеттік: 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша әрекет еткен "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылыс бағдарламасы (ары қарай - Бағдарлама) бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты халық үшін баспананың қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (ары қарай-Холдинг) Холдингтің еншілес ұйымдары арқылы төменде келтірілген тапсырмаларды (бағыттарды) жүзеге асыруға қатысады:

1. Ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру (Бағдарламаның №1 мақсаты).
2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7% жылдық көрсеткіш көлемінде субсидиялар бөлінеді, олар "Қазақстандық ипотекалық Компания" ИҰ" АҚ қаржы агенті арқылы бағытталатын болады;

2. Тұрғын үй салуды жекеменшік салушылардың қолға алуын ынталандыру (Бағдарламаның №2 мақсаты).
2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7% жылдық көрсеткіш көлемінде субсидиялар бөлінеді, олар "Даму" КДФ" АҚ қаржы агенті арқылы бағытталатын болады.

3. Кредиттік тұрғын үйді тұрғын үй құрылыс салымдарының жүйесі арқылы салу (Бағдарламаның №3 мақсаты).
Кредиттік тұрғын үйді салуға бағытталатын қаражаттардың айналуын қамтамасыз ету үшін, 2017 жылдан бастап, "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшыларға кредит беру мақсатында жыл сайын 24 млрд.теңге бөлетін болады.

4. Халықты жалдама баспанамен қамтамасыз ету (Бағдарламаның №6 мақсаты).
Бұрын қабылданған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 2017-2018 жылдары "Қазақстандық Ипотекалық Компания" АҚ жалдама тұрғын үй құрылысы жалғастырылады.

5. Үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау (Бағдарламаның №7 мақсаты).
Үлестік салымдарды қорғау механизмін жүзеге асыру "Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры" АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама төлқұжаты

Бағдарлама атауы

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы


Дайындауға негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 21 шілде 2011 жылғы № 118 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістікте дамуы туралы болжамдық сызбасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен, 9 қыркүйек 2016 жылғы №01-7.8 (ПӘ) Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысының хаттамасының 3.11 тармағы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 11 қараша 2014 жылғы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" жолдауы.

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігі


Бағдарлама мақсаты

Тұрғын үйге халықтың қол жеткізе алу мүмкіндігін арттыру


Бағдарлама тапсырмалары

1 тапсырма. Ипотекалық несие алудың қолжетімділігін арттыру.

2 тапсырма. Құрылысты жеке меншік салушылардың салуына ынталандыру.

3 тапсырма. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиеге тұрғын үй салу.

4 тапсырма. Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтары үшін, жалға берілетін тұрғын үй қорын құрастыру.

5 тапсырма. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

6 тапсырма. Халықты жалдамалы және коммерциялық баспанамен қамту.

7 тапсырма. Үлестік құрылысты қолдау.

Жүзеге асыру мерзімдері

2017 – 2021 жылдар

Мақсаттық көрсеткіштер

Көрсеткіш атауы

2016

(бағалау)

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

Ақпарат көзі

Жету үшін жауаптылар

Қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен тұрғын үйді енгізу көлемі, мың кв.метр*, сонымен қатар:

9619

10116

10530

10652

10694

10797

Статистиканың ресми деректері

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ҰЭМ, ЖАО,
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ,
«Сам-рук-Қазы-на» ҰӘАҚ

Көп пәтерлі тұрғын үй

4825

5116

5130

5172

5204

5297

Жеке тұрғын үй

4794

5000

5400

5480

5490

5500

*Бұл көрсеткіштер тиісінше қаржылық жылдарға арналған қаржыландыру көлемдеріне байланысты анықталады.

Қаржыландыру көздері және мөлшері

Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған қаржылық шығындар республикалық бюджет есебінен, сонымен қатар, жеке инвестициялардан, мемлекеттік сымақ сектор субъектілерінің есебінен қарастырылады.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемдері құрастырады:

млрд. теңге


2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

Барлығы

РБ*, соның ішінде:

168,8

182,0

174, 0

139,0

139,0

802,8

Ипотекалық баспана қарыздары бойынша субсидиялар

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

50,0

Салушылардың несиелері бойынша субсидиялар

11,0

11,0

11,0



33,0

ҚТҚЖБ бюджеттік несиелендіру

24,0

24,0

24,0

24,0

24,0

120,0

Ары қарай кепілдік беру қорының жарғылық капиталын арттыруға арналған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жарғылық капиталын арттыру

10,0

0

0

0

0

10,0

Бюджеттен тыс қаражаттар**, сонымен қатар:

0

277,0

89,0

283,2

89,5

738,7

Мемлекеттік сымақ сектор субъектілерін ің облигациялық қарыздары бойынша қаражаттары


277,0

83,1

277,0

83,1

720,2

ЖАО құнды қағаздарын сатып алу арқылы несиелік тұрғын үй салу үшін "КИК" НҰ" АҚ жалдама төлемдері



5,9

6,2

6,4

18,5

*Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісінше қаржылық жылдарға республикалық бюджетті бекіткен кезде анықталады;

** бұл қаражаттар ЖАО құнды қағаздарын сатып алу арқылы несиелік тұрғын үйлер салуға және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ -на ЕДБ шартты салымдарын орналастыруға жіберіледі.